Фото: shutterstock.com
Бүгінде еліміздегі 23 екінші деңгейлі банктің 12-сінде бонустық бағдарламалар бар. Соның ішінде 9 банк барлық дүкендер мен желілерде жасалған сатып алуларға кешбэк ұсынады. Алайда әр банктің шарттары мен шектеулері әртүрлі. Нарықтағы ең тиімді ұсыныстарға тоқталайық.
Жеке тұлғалар банкроттығы: Банктер қанша адамның берешегін кешірді?
Bank RBK: SARQYT бағдарламасы
Нарықтағы бірегей өнімдердің бірі – Bank RBK ұсынған SARQYT адалдық бағдарламасы. «Шашу кешбэк. 8% – барлығына, әрдайым» ұстанымына негізделген бұл бағдарлама барлық қолма-қол ақшасыз бөлшек сатып алуларға, ел ішінде де, шетелде де нақты ақшамен кешбэк есептейді.
Бағдарламаның басты шарты – картадағы қалдық мөлшері. Қалдыққа қарай кешбэк көлемі 3%-дан 8%-ға дейін өзгереді. Қажетті қалдықтың ең төменгі шегі 75 мың теңгеден басталып, 500 мың теңгеге дейін жетеді. Бұл – басқа банктермен салыстырғанда қолжетімді талаптардың бірі. Көп жағдайда өзге қаржы ұйымдары жоғары кешбэк үшін бірнеше күрделі шарт қояды.
SARQYT – Bank RBK клиенттері үшін тегін артықшылық. Бағдарламаға My RBK мобильді қосымшасы арқылы қосылуға болады. Ай сайынғы кешбэк көлемі 100 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін, бұл да нарықтағы жоғары көрсеткіштердің қатарында.
Freedom Bank: көп құрамды кешбэк
Freedom Bank-тің адалдық бағдарламасында кешбэк бірнеше компоненттің қосындысынан қалыптасады. Экожүйені есепке алмағанда, ең жоғары кешбэк 8%-ға дейін жетуі мүмкін. Алайда мұнда талаптар күрделірек.
4% кешбэк алу үшін орташа айлық қалдық 1 млн теңгеден асуы тиіс. Қосымша 2-3% байланыссыз төлемдер арқылы беріледі (Freedom терминалдарында – 3%). Тағы 1% айына 50 мың теңгеден астам сатып алу жасаған клиенттерге қарастырылған. Базалық кешбэк экожүйеден тыс 1%-дан басталады. Тағы бір ерекшелік – кешбэк Freedom валютасында есептеледі. Айлық ең жоғары кешбэк – 200 мың теңге.
Bereke Bank: Жоғары бонустар
Bereke Bank те жоғары бонустарымен ерекшеленеді. BBonus бағдарламасы шеңберінде 3%-дан 7%-ға дейін кешбэк алуға болады. Ол үшін депозит көлемі 500 мың теңгеден 20 млн теңгеге дейін болуы шарт (BBonus+). Сонымен қатар Bereke Premium картасымен 5% бонус ұсынылады. Максималды бонус көлемі – айына 200 мың теңге.
Еуразиялық банк: шартты тиімділік
Еуразиялық банктің карталары бойынша арнайы санаттарды таңдаусыз-ақ 5%-ға дейін бонус жинауға болады. Бірақ белгілі талаптар бар: 3% бонус үшін айлық қолма-қол ақшасыз айналым 300 мың теңгеден асуы тиіс, ал қосымша 2% – депозиті 5 млн теңгеден жоғары клиенттерге беріледі.
Аталғандардан бөлек, бонустық бағдарламалары бар банктер қатарында Home Credit Bank, Банк ЦентрКредит, Shinhan Bank Kazakhstan, Alatau City, Altyn Bank, Halyk Bank, Kaspi Bank және ForteBank те бар.
Нарықтың өсуіне серпін берген фактор
Қазақстанда карталық нарықтың белсенді дамуына дәл осы кешбэк пен бонус жүйелері айтарлықтай әсер етіп отыр. 2025 жылғы 1 желтоқсанда елдегі төлем карталарының саны 84,4 млн-ға жетіп, 1 жылда шамамен 5%-ға артты. Соңғы бес жылда карталар саны 80%-дан астам өссе, 10 жыл ішінде 5 еседен көп ұлғайған.
Сарапшылардың пікірінше, кешбэк пен бонустар:
- клиенттерге нақты қаржылық үнем береді;
- банктік өнімдерді күнделікті қолдануды жеңілдетеді;
- клиенттерді тарту мен ұстап қалудың тиімді құралына айналды;
- қолма-қол ақшасыз төлемдер мен цифрлық банкингтің дамуын жеделдетеді.
Осылайша, кешбэк бағдарламалары бүгінде жай маркетингтік амал емес, отандық банк нарығындағы басты бәсекелестік артықшылықтардың біріне айналып отыр.
Енді жеңілдетілген ипотеканы жекеменшік банктер де ұсына алады